Әлем футболы

Чемпиондар лигасының алдағы төрт финалдың өтетін стадиондары анықталды

Чемпиондар лигасының алдағы төрт финалдың өтетін стадиондары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Алдағы төрт жылда UEFA Чемпиондар лигасының алдағы төрт жылда финалы өтетін стадиондар анықталды.

Аталған доданың 2022/2023 жылғы кезеңдегі ақтық сыны Түркияның Стамбул қаласындағы Ататүрік атындағы олимпиада стадионында өткізіледі. Бұрын ол Германияның Мюнхен қаласындағы «Альянц Арена» болатыны жарияланған еді.

Чемпиондар лигасының финалы биыл Стамбулда өтеді деп жоспарланған. Эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселесіне байланысты финал аталған қаладан Португалияның Порту қаласына ауыстырылды.

Енді Мюнхен 2024/2025 жылғы кезеңде аталған доданың ақтық сынын өзінде қабылдайды. Ал 2023/2024 жылғы кезең финалы Англия астанасы Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында болады.

2021/2022 жылғы кезеңдегі финал Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы «Газпром Арена» стадионында өткізіледі.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер