Евгений Егембердиев: Бұл - мансабымдағы ең маңызды жекпе-жек
ACA лигасында бақ сынайтын қазақстандық файтер Евгений Егембердиев Ресей лигасындағы титулдық жекпе-жегі алдында пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
16 шілде күні Сочиде өтетін ACA 126 турнирінде 36 жастағы Егембердиев ресейлік Муслим Магомедовпен кездеседі. Бұл жекпе-жекте аса ауыр салмақта ACA чемпионы (93 кг) анықталады.
Іс-шара қарсаңында ACA баспасөз қызметіне берген сұхбатында файтер алдағы жекпе-жектен не күтетінін жеткізді.
«Бес раундтық жекпе-жекке дайындалып жатырмын. Жеңілмеген спортшыға қарсы төбелесу қиынға соғады. Бұл менің мүмкіндігім, менің өмірімдегі ең маңызды жекпе-жек. Жеңу үшін бәрін жасаймын. Титулды Қазақстанға алып кетуге тырысамын», - деп аяқтады Егембердиев АСА баспасөз қызметіне берген сұхбатын.
Егембердиев сегізбұрышқа соңғы рет өткен жылдың желтоқсанында шығып, UFC-дің бұрынғы файтері Люк Барнатты ACA 115 турнирінде нокаутқа жіберген.