Евгений Егембердиев қатысатын турнирдің тікелей трансляциясы
16 шілдеде Сочиде Absolute Championship Akhmat лигасы ұйымдастырған ACA 126 турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Евгений Егембердиев пен ресейлік Муслим Магомедов кездеседі. Бұл кездесуде жартылай ауыр салмақтағы вакантты ACA чемпионы атағы сарапқа салынады. Магомедов жартылай ауыр салмақта ACA рейтингісінде бірінші, ал Егембердиев үшінші орында тұр.
Евгений Егембердиев соңғы рет сегізбұрышқа былтыр желтоқсанда шықты. ACA 115-те ол бұрын UFC-де бақ сынаған Люк Барнатты нокаутқа жіберді. Ал <span>Магомедов биыл наурыз айында бразилиялық Леонардо Силва да Оливейраны төрешілер шешімімен жеңді.</span>
ACA 126 турнирінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 20:15-те басталады. Бағасы 199 ресей рублі. Мына СІЛТЕМЕ арқылы трансляцияны сатып алып, көруге болады.