OCTAGON 21 турнирінің толық карды жарияланды
16 шілдеде Алматыда өтетін OCTAGON 21 турнирінің толық карды белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық жеңіл салмақтағы (70,3 келі) чемпион Ильяр Асханов (8-3) қазақстандық Эмрах Шавкатовпен (4-0) кездеседі.
Негізгі жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы (56,7 келі) бұрынғы чемпион Алтынбек Мағаз (7-3) қырғызстандық Нұрболот Асқарбек Уулымен (7-1) кездеседі. Бұл жекпе-жек 59 келі салмақ дәрежесінде өтеді.
Айта кетейік, OCTAGON 21 турнирінің тікелей трансляциясын OCTAGON TV Youtube арнасынан көруге болады.
Турнирдің ресми серіктестері - TURAN және 1XBET букмекерлік компаниясы.
Турнирдің серіктесі -  UNO сауда маркасы.
OCTAGON 21 турнирінің толық карды, 16 шілде:
1. (61.2 келі): Айбол Ахметов (1-0, Қазақстан) - Ербол Қожанов (2-3, Қазақстан)
2. (73 келі): Асрориддин Мухриддинов (1-0, Қазақстан) - Самат Мамедов (1-0, Қазақстан)
3. (70.3 келі): Данияр Сынасап (1-0, Қазақстан) - Нұрбек Тәжібаев (3-0, Қазақстан)
4. (70.3 келі): Шынарай Аманбаева (0-0, Қазақстан) - Меруерт Нұрмаханова (1-0, Қазақстан)
5. (70.3 келі): Сирож Ишмуминов (1-0, Өзбекстан) - Дәулет Отарбаев (2-1, Қазақстан)
6. (70.3 келі): Амантур Женишбеков (2-1, Қырғызстан) - Мажит Сардаров (2-0, Қазақстан)
7. (77.1 келі): Мухриддин Алимов (2-0, Өзбекстан) - Махир Алиев (2-1, Қазақстан)
8. (56.7 келі): Султанбек Орозмамат Уулу (3-2, Қырғызстан) - Ғани Әділсерік (3-0, Қазақстан)
9. (83.9 келі): Кодирхон Ганиев (5-1, Өзбекстан) - Жан Кенжебаев (1-1, Қазақстан)
10. (67.5 келі): Илиор Бактияр Уулу (2-1, Қырғызстан) - Бексұлтан Тұрсынов (4-2, Қазақстан)
11. (69 келі): Фарход Давлятов (3-0, Тәджікстан) - Ескелді Түменов (1-0, Қазақстан)
12. (77.1 келі): Шохасан Мирзаматов (3-1, Өзбекстан) - Ильяс Садықов (2-1, Қазақстан)
13. (59 келі): Нурболот Аскарбек Уулу (7-1, Қырғызстан) - Алтынбек Мағаз (7-3, Қазақстан)
14. Жеңіл салмақтағы (70.3 келі) титулды жекпе-жек: Эмрах Шавкатов (4-0, Қазақстан) - Ильяр Асханов (8-3, Қазақстан).