«Жако» әйгілі Майк Тайсонды есіме түсірді». Ресейлік сарапшы Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жеңісі жайлы

«Жако» әйгілі Майк Тайсонды есіме түсірді». Ресейлік сарапшы Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жеңісі жайлы

Өткен жексенбіде Американың Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен (ММА) өткен UFC 264 турнирі қазақстандық жанкүйерлер үшін Жалғас Жұмағұловтың жеңісімен есте қалды, деп жазады Prosports.kz.

«Жако» америкалық Джером Риверамен (10-6) кездесіп, бірінші раундта қарсыласын тырп еткізбей гильотин әдісімен қылқындырды. 

Жерлесіміздің жеңісінен кейін ММА және бокс әлемінің шолушысы ресейлік Данил Галимзяновпен Жалғастың жекпе-жегін талқыладық.

- Данил, Жалғастың UFC-де көптен күткен және керемет жеңісі туралы не айтасыз?

- Жалғас үшін қуаныштымым. Өткен екі кездесуінде төрешілер жеңісті қарсыласқа берді. Октогонға жігерленіп шықты. Қарсыласын жайпап өтері әу бастан белгілі еді. Ривера бірде айқайлады, бірде сыйынды. Не істерін білмеді. Сенімсіз күй кешті. Жалғастың деңгейі жоғары екенін ұқса керек. 

«Жако» бұл жеңіс мансабы үшін қаншалықты маңызды екенін түсінді. Ривера Тайсон Нэмнан нокаутпен ұтылған. Ал Жалғас сол Тайсонды жеңген. Қазақ спортшысының жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтағысы келетіні байқалды. Менің есіме әйгілі Майк Тайсонның шеберлігі түсті. Қарсыласты барынша жақындап, үнемі шабуылдау. Өзіңнен бойы да, қолы да ұзын қарсыласты ұтудың жалғыз жолы - арақашықты жақын ұстау. Бұл жолы бапкерлер құрамы тамаша жұмыс жасаған. Таңдалған тактика өте дұрыс. 

 - Қазақстандықтың бірінші раундтағы жеңісін қалай түсіндірер едіңіз?

 - Жалғас қалай болсын жеңемін деп шықты. Гильотин әдісін қолданады деп күтпедім. Күресе алатынын білеміз ғой, бірақ қарсылас та партерде қара жаяу емес. Он жеңісінің жетеуінде күресіп жеңіске жеткен. Ривера Жалғас бірден жабыса кетеді деп күткен жоқ. Балуан көбіне тік аяқта тұрып төбелесін қарсыластан өзіңе қарай ұмтылады, аяққа кіреді деп күтпейді. Ал Жалғас қарсыласты таңқалдырды. 

- Жұмағұлов осы жеңісінен кейін жаңа деңгейге көтеріле ала ма?

- Моральдық тұрғыдан - иә. Дегенмен, онсызда әлемдік деңгейде төбелесіп жүр. Жан-жақты болғаны дұрыс. Қол-аяқпен соққы бағыттап қана қоймай, жақсы күресе алатынын да көрдік. Раулиан Пайвамен реванш жекпе-жек көргім келеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или