Александр Смолин: «Жеңіске деген құштарлық басым болды»

Жоғары хоккей лигасы аясындағы «Сарыарқа» - «Челмет» арасындағы кездесуде Александр Смолин қонақтар сапындағы ең үздік ойыншылардың бірі болып танылды. «Сарыарқа» қақпасына соғылған бірінші шайба осы ойыншының араласуымен жүзеге асты. Ойыннан соң «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында ол әсерімен бөлісті.

- Бүгін жақсы ойын болды. Плей-офф кезеңіне жолдама алған «Сарыарқа» секілді мықты команданы жеңгенімізге өте қуаныштымын, - деп бастады Александр.

- Жеңіске жетуге не себеп болды?

- Жеңіске деген құштарлық деп ойлаймын. Егер Қарағандыда жеңіліс тапсақ, маусымның біз үшін аяқталатынын білдік. «Сарыарқаның» Челябідегі ойында 4:2 есебімен жеңіліс тапқанынан кейін, бұл команданы ұтуға болатынын ұқтық. Команда соңына дейін ойнап, Владислав Фокиннің арқасында жеңіске жеттік.

- «Трактордан» ұсыныс түспеді ме?

- Әзірше түспеді. Әрине, ҚХЛ-да өз бағымды сынап көргім келеді. Ол жақта жылдамдық пен ойын деңгейі жоғарырақ.

- Биылғы маусымда «Братина Кубогінің» иегері кім болады деп ойлайсыз?

- Өте қиын сұрақ. Плей-офф ойындары енді ғана басталды, барлығының да мүмкіндігі бар. Челябіде болатын «Сарыарқаға» қарсы келесі ойында жеңістің кездейсоқ болмағанын дәлелдеуге тырысамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или