Қазақстандық хоккейші күннің ыстығынан есінен танып қалған

Қазақстандық хоккейші күннің ыстығынан есінен танып қалған

Қазақстандық хоккейші Алексей Грищенко «Құлагердің» жаттығуында есінен танып қалды. Бұл туралы Шайба.kz сайты хабарлады.

Петропавл қаласында күндіз ауа температурасы +38 градусты көрсетіп тұрғанда хоккейшілер Купер тестін далада тапсырған. Күннің ыстығынан қорғаушы Алексей Грищенко есінен танып қалды.

Клубтың мәліметінше, хоккейшінің жағдайы жақсы, қазір ол үйінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или