UFC Шавкат Рахмоновтың ұлтын шатастырып алды

UFC Шавкат Рахмоновтың ұлтын шатастырып алды

UFC ұйымының твиттердегі ресми парақшасы жариялаған постында қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың ұлтын өзбек деп қате жазды.

UFC Europe Шавкат Рахмоновтың жеңісінен соң Өзбекстан туымен пост шығарған. Артынша қатесін түзеп, Қазақстан туына ауыстырды.

Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC Fight Night 190 турнирінде Рахмонов бразилиялық Мишель Празериспен (26-4) кездесті. Жартылай орта салмақтағы (77.1 кг) жекпе-жек екінші раундта аяқталды - Шавкат қарсыласын партерде қылқындыру әдісімен жеңді.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов карьерасында 14, америкалық промоушндегі 2-ші жеңісіне қол жеткізді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или