Қазақстандық журналист отандастарын Хабиб Нурмагомедке «табынды» деп сынады

Қазақстандық журналист отандастарын Хабиб Нурмагомедке «табынды» деп сынады

Қазақстандық журналист Бибігүл Дәулетбекқызы отандастарының UFC бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовке деген асқан құрметін сынға алды.

«Ұят-ай... Бүкіл қазақ жігіттері кешеден бері Хабибты Пайғамбарын күткендей күтіпті ғой, ұшақтан жерге табанын тигізбей.

Жігіттер! Не болды сонша?! Фанатизм әйтеуір сендерге қатты жабысады екен де. Дінмен де тез ауырасыңдар. Біреуің жүрсіңдер сақалдарыңды өсіріп, балақтарыңды кесіп (салафитке айналып), енді екіншілерің жүрсіңдер зікірлеріңді салып селкілдеп (суфизммен есеңгіреп).

Енді мынау немене?! Намыстанамын да... Өзімізден бір Хабибты шығара алмай отырғанымызға... Небір арамызда жүр ғой Хабибтар. Бірақ ол қазақтың Алпамыстарының артынан демеп жіберетін әкесі жоқ та Хабибтікіндей... Сондайда «әттеген-ай» дейсің де... Хабибке табынғанша - спортпен айналысыңдар Уот, сол кезде Хабиб секілділер сені суретке түсуге зар етпейді!

PS: томардай еркектер Хабибтың артынан жүгіріп жүргені несі жас балаша», — деп жазды журналист Facebook парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или