Азамат Бақытов NFC лигасындағы дебютінде нокаутпен жеңді
Қазақстандық файтер Азамат Бақытов (4-0) қазақстандық NFC лигасында дебютін сәтті өткізді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
NFC 31 турнирінде 28 жастағы Бақытов ресейлік Бекхан Омаровпен (3-1) кездесті. Жеңіл салмақтағы (70 кг) кездесу бірінші раундтың 50-секундында аяқталды. Бақытов қарсыласын нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, Бақытов кейінгі жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізіп, Alash Pride турнирінде Хаби Аскарбекті техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или