Агапова келесі жекпе-жегін қашан өткізеді

Агапова келесі жекпе-жегін қашан өткізеді

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Мария Агапова (9-2-0) америкалық промоушен туы астындағы кезекті жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы қыз инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«MMA Masters базасында жекпе-жекке дайындықты жалғастырып жатырмын. Қыркүйекте октагонға шығамын. Сіздер секілді мен де жекпе-жек өтетін күнді күтіп жүрмін», - деп жазды спортшы.

Айта кетейік, Мария UFC-ге шыққан алғашқы қазақстандық әйел спортшы. Аталған промоушенде ол 2020 жылдың жазынан бастап өнер көрсетіп жүр.

Әлемдегі жетекші ММА лигасында ол екі жекпе-жек өткізді. Алдымен америкалық Ханна Сайферсті жеңіп, кейін Шэне Добсоннан жеңілді. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или