Ресейлік файтер Евлоев Arlan MMA Pro Team командасында өнер көрсетеді
Ресейлік файтер Мовсар Евлоев Arlan MMA Pro Team командасының спортшысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.
«Мен бірінші кезекте UFC-де аз ғана ингуш ұлтымның намысын қорғаймын. Әрине, мен Ресей Федерациясының атынан қатысамын, өйткені мен Ресей азаматымын.
Өздеріңіз білетіндей, кез-келген вайнах халқы үшін Қазақстан екінші отаны болып табылады.
Ата-бабаларымыздың арқасында қалыптасқан және біздің халқымыздың жас ұрпағына жүктелетін вайнах пен қазақ халқының достық, бауырластық қатынастарын нығайтуға жеке үлесімді қосуға мүмкіндік болғанына қуаныштымын.
Бүгіннен бастап мен Arlan Pro командасының құрамында Қазақстанның атынан да қатысамын. Бұл команда көптеген спортшыларға көмектесіп жатыр. Команданың ұсынысы ұнады.
«Пәлен жерде алтын бар, өз жеріндей қайда бар» - дейді қазақ халқы.
Мен Кеңес Ракишевке, Сандро Галинскийге, Дорханға және атқарып жатқан жұмыстары үшін алғыс барлығына айтамын!», - деп жазды спортшы Instagram парақшасында.