Соққыға жығылған бапкердің жағдайы белгілі болды
Соққыға жығылған қазақстандық аралас жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің жағдайы белгілі болды.
Бейне бақылау камерасына көліктен бірнеше жігіттің түсіп, Арман Әлімовке шабуыл жасаған сәті түсіп қалған.
Тапа-тал түсте төрт жігіт жаттықтырушыны ұрып, ақ түсті Audi көлігіне салып алып кеткен. Оқиғаға куәгер болғандар еш көмектесе алмаған.
Арман Әлімов ауыр жағдайда Талғар аудандық ауруханасына жеткізілген, алайда туысқандары Алматыдағы ауруханалардың біріне алып кеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или