OCTAGON 20 турнирінің тікелей трансляциясы
16 маусымда Алматыда қазақстандық OCTAGON лигасы ұйымдастырған OCTAGON 20 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кеш аясында 13 жекпе-жек өтеді. Онда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның файтерлері өнер көрсетеді.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Дамир Төленов (6-0) өнер көрсетеді, қарсыласы қырғызстандық Арген Маликов (5-2) болады. Бұл жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы (56,7 келі) вакантты титул сарапқа салынады.
Айта кетейік, OCTAGON 20 турнирінің тікелей трансляциясын OCTAGON TV Youtube арнасынан көруге болады. Сондай-ақ Setanta Qazaqstan, Box TV, Q Sport және Q Sport Extra телеарналарында қол жетімді болады.
Турнирдің ресми серіктестері - TURAN және 1XBET букмекерлік компаниясы.
Турнирдің серіктесі -  UNO сауда маркасы.