Командалық

Регбиден Қазақстан қыздар құрамасы Олимпиадаға іріктеу жарысына аттанды

Регбиден Қазақстан қыздар құрамасы Олимпиадаға іріктеу жарысына аттанды
news-banner7
mobile-news-top

Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадалық іріктеу сынына қатысу үшін Монакоға аттанды.

Аталған маңызды жарыс 19-20 маусым аралығында Монако жерінде өтеді. Қазақстан құрама командасынан алаңға Диана Абишева, Нигора Нурматова, Дарья Ткачева, Людмила Шерер, Алина Әскерова, Балжан Қойшыбаева, Құндызай Бақтыбаева, Влада Однолеток, Дайана Қазыбекова, Вероника Степанюга, Мария Гришина және Галина Красавина шығады.

Айта кетерлігі, Олимпиадаға іріктеу сынында Қазақстан В тобына түскен. Бұл топта ел құрамасы Жаңа Гвинея, Ямайка және Тунис елдерімен ойнайды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер