Фьюри Джошуа - Усик жекпе-жегіне болжам жасады
Ауыр салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Тайсон Фьюри Энтони Джошуа мен Александр Усик арасындағы жекпе-жеке болжам жасады, деп жазады Prosports.kz.
Айта кетейік, WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы Энтони Джошуа мен WBO белбеуіне міндетті үміткер Александр Усик 25 қыркүйекте жұдырықтасады деп жоспарланған.
Фьюридің айтуынша, Усик Джошуаны жеңе алады.
«Усик солақай, ақылды боксшы, техникалық жағынан өте мықты. Ол физикалық тұрғыда Джошуадан мықты Дерек Чисорамен жұдырықтасты.
Мен Уайлдерді жеңетініме толық сенімдімін. Бірақ Джошуа өзінің жекпе-жегінде жеңіліп қалмайтынына сенімді емеспін», - деді Тайсон Daily Mail басылымына берген сұхбатында.
<h4>Джошуа — Усик жекпе-жегі өтетін орын мен күн анықталды</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или