Бокс

Джошуа — Усик жекпе-жегі өтетін орын мен күн анықталды

Джошуа — Усик жекпе-жегі өтетін орын мен күн анықталды
news-banner7
mobile-news-top

WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы Энтони Джошуа мен WBO белбеуіне міндетті үміткер Александр Усик 25 қыркүйекте жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ақпаратты Yahoo Sports басылымының журналисі Кевин Айоле Twitter парақшасында жасырын дереккөзге сілтеме жасап жариялады.

«Дереккөздер: Джошуа - Усик жекпе-жегі 25 қыркүйекте Ұлыбританияда өтеді», - деп жазды Кевин Айоле.

Жекпе-жек Тоттенхэм стадионында өтеді деп жоспарланып отыр, келісімшарт осы аптада жасалады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер