UFC 263: Адесанья орта салмақтағы чемпиондық атағын қорғап қалды

UFC 263: Адесанья орта салмақтағы чемпиондық атағын қорғап қалды

Аризона штатының Глендейл қаласында UFC 263 турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы (83,9 келі) қазіргі чемпион, нигериялық Исраэль Адесанья рейтингте үшінші орында тұрған италиялық Марвин Ветториға қарсы титулын қорғады.

Қос файтер бұған дейін 2018 жылы кездескен. Ол кезде Адесанья Ветториді төрешілер шешіммен жеңген еді.

Осы жолғы жекпе-жекте де нигериялық файтер басым болды. Әрі төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті - 50:45, 50:45, 50:45.

Исраэль Адесанья үшін бұл кәсіпқой мансабындағы 21-жеңісі болды, бір мәрте ғана жеңілген (UFC-де 10 рет жеңіске жетіп, бір жеңіліске ұшыраған). Ал Ветторидің есебінде 17 жеңіс, 4 жеңіліс және 1 тең нәтиже бар (UFC-де 7 жеңіс, 3 жеңіліс және 1 тең кездесу).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или