Дамир Рыспаевтың келесі қарсыласы кім болмақ?

Дамир Рыспаевтың келесі қарсыласы кім болмақ?

Елордалық «Барыс» хоккей клубының 19-жасар қорғаушысы, «қазақстандық тафгай» деген лақап атқа ие болған Дамир Рыспаев ҚХЛ-дың биылғы маусымында біраз жекпе-жек өткізіп үлгерді. «PROСПОРТ» тілшісі плей-офф кезеңі басталмай тұрып, оның мұз айдында кімдермен жаға жыртысқанын еске алып, алдағы «Авангардпен» болатын ойында қай ойыншымен ұстасуы мүмкін екенін сараптап көрді.

Қазақстандық ойыншы осы уақытқа дейін 6 жекпе-жек өткізді. Кәсіби мәнсабын 17-қазан күні финляндиялық «Йокерит» командасымен болған ойында бастады. Бірақ алаңда бар болғаны 12 минут қана ойнады. Қарсыласқа ойын тәртібіне сай емес қылықтар көрсетіп, алаңнан қуылды. Екі аптадан соң «Рыспаев төбелескіш екен» деп ел аузында жүрді. «Нефтехимикпен» болған кездесуде Александр Брынцов және Николай Белов атты қарсыластарын кезегімен сұлатты.

Келесі айтарлықтай оқиға Рыспаев үшін қазандық «Ак Барс» командасына қарсы кездесу болды. Мұнда ол Ресейдің аты шулы тафгайларының бірі Александр Свитовпен жұдырықтасады. Аздап жарақат алып қалса да соңына дейін күресті, ерге тән мінез танытып берілмеді. Ақырында Свитовтың өзі жарақат алып, бірнеше ойындарға қатыса алмады. Бұл кездесуде «Барыс» жеңіліс тапты.

Қаңтар айында Рыспаев магнитогорлық «Металлургтегі» Евгений Тимкинді күш сынасуға шықырды. Жұдырықтасу Свитовпен болған кездесудегідей ойынның басында, небәрі 3-минутта орын алды. Ойын «Барыс» үшін тағы да жеңіліспен аяқталды.

«Сібірлік» Виталий Меньшиков та хоккешімізден «таяқ жеді». Бірінші кездесуде Меньшиковтың жекпе-жек барысында басынан шлемі түсіп, бетінен қаны сорғалады. Екіншісінде айтарлықтай қарсылық көрсетіп, аяғынан тік тұрды. Шығыс конференциясының екі беделді ұжымы арасында болған ойынын хоккейшілердің бұл теке-тіресі қыздыра түсті.

Лигадағы ең белсенді «төбелескіштерінің»  үштігінде Рыспаевтан кейін Меньшиковтың орналасуы бекер емес (Меньшиков төрт рет төбелескен). Екеуінің жекпе-жегі жайлы жоғарыда айтылды. Бірақ араларындағы кикілжің қалай басталды? «Барыстың» қорғаушысы 10-қазандағы жағдайға байланысты шүйлікті. «Сібірлік» Максим Игнатович Талғат Жайлауовты ойын барысында шалып жыққан сәтте, араларында төбелес басталады. Командаласын қорғамақ болып Кэвин Даллмэн де бұған араласты. Сол сәттен бастап Рыспаев бұл командаға өштесіп алады.

Қорғаушының келесі қарсыласы «Сочидегі» Роман Людучин болды. Меньшиков қарсыласының тізесін бүкті.

Тольяттилік «Лада» клубының 23-жастағы ойыншысы Денис Голубев маусым барысында төрт жекпе-жек өткізді. Алғашқысында «Салават Юлаевтың» капитаны Денис Хлыстовтан оңбай таяқ жеді.

Желтоқсан айының аяғында челябілік «Трактордағы» Олег Пигановичтан да сөзсіз ұтылды.

Лиганың қызуқанды ойыншылары маусым бойы екі немесе одан аз «жекпе-жек» өткізді. Бәлкім, бар күшін келер ойындарға сақтаған болар. Плей-оффтың бірінші айналымында «Авангард» сапынан Рыспаевпен күш сынасар қандай ойыншы табылар екен? Өкінішке қарай, команда сапынан Костантин Руденкомен жұдырықтасып, Евгений Блохинді сабауға шақ қалған Николай Лемтюгов кеткен болатын. Әйтпегенде, басты қарсылас сол болар еді.

Сонымен қатар, Сергей Калинин және Владимир Первушин жайында да ұмытпағанымыз абзал. Назарларыңызға Сергей Калини мен новосібірлік «Сібір» командасының ойыншысы Сергей Гимаевтің арасындағы теке-тіресті ұсынамыз.

Гагарин кубогі аясындағы «Авангардпен» болатын бірінші айналымның кездесуі сенбі күні, 28-ақпанда өтеді. Матч Омск қаласында, Астана уақытымен сағат 17:30-да басталады.

Материалды дайындаған: Есбол ҚАРАҒҰЛ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или