Live
Спорттағы коронавирус
ММА

Арман Оспанов PFL-дағы алғашқы жекпе-жегінде нокаутқа түсті

Арман Оспанов PFL-дағы алғашқы жекпе-жегінде нокаутқа түсті

Қазақстандық файтер Арман Оспанов (11-4) Professional Fighters League (PFL) промоушеніндегі бірінші жекпе-жегінде америкалық Крис Уэйдтен (19-6) жеңілді.

Атлантик-Ситиде өткен PFL 4 турниріндегі айқас екінші раундта нокаутпен аяқталды. Арман қарсыласын нокдаунға түсіріп үлгерген, алайда бірер сәттен соң америкалық қарымта шабуылда Оспановты нокаутқа түсірді.

Осылайша, Арман Оспанов Америкадағы алғашқы айқасында жеңіліс тапты. Ал мансабында төртінші жеңілісіне ұшырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0