UFC 263. Адесанья мен Веттори арасында титулды жекпе-жек өтеді
13 маусым таңертең Аризона штатының Глендейл қаласында UFC 263 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы (83,9 келі) қазіргі чемпион Исраэль Адесанья Марвин Ветториға қарсы титулын қорғайды. Бұл реванш жекпе-жек. 2018 жылы Адесанья Ветториді төрешілер шешіммен жеңді. Соңғы үш жылда Исраэль 7-1 рекордын тіркеді. 19 қазанда UFC чемпиондық атағын жеңіп алды. Ал Веттори туралы айтар болсақ, Марвин 2018 жылдан бері бес рет жеңіске жетті, биыл сәуір айында Кевин Холландты жеңді.
Ал негізгі жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы (56,7 келі) чемпион Дейвисон Фигейреду титулын Брэндон Мореноға қарсы қорғайды. Файтерлер былтыр желтоқсанда октагонда кездескен. Титулдық жекпе-жек тең аяқталып, Фигейреду чемпиондық белбеуін сақтап қалған.
Негізгі кардтың үшінші жекпе-жегінде Нейт Диас пен Леон Эдвардс жұдырықтасады. 36 жастағы Диас октагонға соңғы рет 2019 жылы қараша айында шыққан, ол кезде Хорхе Масвидалдан жеңілген болатын.