«Казцинк-Торпедо» плэй-оффты сәтсіз бастады

Өскемендік «Казцинк-Торпедо» Жоғары лиганың плэй-офф кезеңінде 1/8 финалдың алғашқы матчында ижевскілік «Ижстальмен» кездесіп, жеңіліп қалды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Матчың есебін бірінші болып қазақстандық ұжым ашты, көзге түскен – Антон Петров. Алайда үзіліске дейін Николай Тимашов таразы басын теңестіріп тастады. Үшінші кезеңнің соңына дейін осы есеп сақталып тұрған, өкінішке қарай, Николай Жилин мен Денис Вихарев соққан шайбалардың арқасында айдын иелері жеңіске жетті – 3:1.

26 ақпанда Ижевскіде командалар өзара екінші матчын өткізеді.

«Ижсталь» (Ижевск) – «Казцинк-Торпедо» (Өскемен) 3:1 (0:0, 1:1, 2:0)

0:1 – Петров – 25:07

1:1 – Тимашов (Реунов, Маслов) – 37:54, басымдықта

2:1 – Жилин (Иванов) – 57:46, басымдықта

3:1 – Вихарев (Маслов, Гуляев) – 57:58

Қақпашылар: Кислицын – Янков

Серия есебі: 1:0

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или