«UFC белбеуін алғым келеді». Қырғыз «ханзадасы» - Хасановты жеңуі, бокстағы кумирі мен қазақстандықтан жеңілісі туралы

«UFC белбеуін алғым келеді». Қырғыз «ханзадасы» - Хасановты жеңуі, бокстағы кумирі мен қазақстандықтан жеңілісі туралы

28 мамырда қазақстандық танымал промоушен OCTAGON ұйымдастырған турнирде 19 жастағы қырғызстандық проспект Нұрбек Болотбеков (6-1) әсерлі жеңіске жеткен.

«Ханзада» фаворит саналған өзбек файтері Фирдаус Хасановты (6-2) бірінші раунда қылқындыру әдісімен жеңді.

Prosports.kz тілшісі Нұрбек Болотбековпен өткен жекпе-жекті талқылау үшін хабарласып, оның Азат Мақсұмнан жеңілісі туралы, сондай-ақ оның ММА-дағы лақапатының шығу тегі туралы білді.

- Нұрбек, Фирдаус Хасановпен жекпе-жекке дейін мамандардың көпшілігі өзбекстандық файтер жеңеді деп ойлады. Қарсыласыңызды қалай оңай жеңдіңіз?

- Ол менімен күресетінін білдім және соған дайын болдым. Ол бір қате жіберді, мен соны пайдаланып кеттік.

- Хасановпен жекпе-жек үшін сіз Underdog агенттігінен арнайы бонус алдыңыз. Сіз бұған таңғалдыңыз ба?

- Қатты таңғалмадым, бірақ бонус алудан бас тартпадым.

- Биыл ақпанда Азат Мақсұмнан жеңілгеннен кейін көп нәрсеге ойыңыз өзгерді ме? Бұл алғашқы жеңілісіңіз еді.

- Иә, әрине. Қатемді жөндеу үшін көп жұмыс істедім.

- ММА-де лақапатыңыз ерекше - «Ханзада». Оны қалай алдыңыз?

- Бокстағы кумирім - Насим Хамед, лақапты «Ханзада» болатын. Маған оның өнері мен шоуы, рингте жұдырықтасуы ұнайды. Бәрі менің оған ұқсайтынымды айтатын, сондықтан осындай лақапат таңдадым.   

- Жекпе-жектен кейін қалпыңызға келу үшін не істейсіз? 

- Мен табиғатты, тауларды, Қырғызстанның өзендерін жақсы көремін. Қауіпті нәрселер жасаған ұнайды.

- Қандай да бір қауіпті хоббиіңіз бар ма?

- Жылдамдықты жақсы көремін, биіктен секірген де ұнайды.

- Октагонға қашан оралмақсыз?

- Жаңа қарсылас табылғанда. Мен қашан да дайынмын.

- OCTAGON лигасында титул үшін төбелесуге дайынсыз ба?

- Иә, әрине, дайынмын.

- Аралас жекпе-жекте негізгі мақсатыңыз қандай?

- UFC белбеуін алғым келеді.

Фото: OCTAGON

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или