Дамир Исмағұлов қашан титул үшін жекпе-жек өткізеді?
Қазақстан ММА және панкратион федерацияларының президенті Сағындық Мекеев этникалық қазақ Дамир Исмағұловтың қашан титул үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Егер жарақат алмай, келесі жекпе-жегін жеңсе ТОП-15 тізіміне енеді. Одан кейін үздік ондықтың қатарына қосылуға болады. Бәрі жекпе-жектің қаншалықты қызық өтетініне байланысты.
Өздеріңіз білесіздер, UFC-де қызық жекпе-жектерді өткізгенді ұнатады. Дамир үш жекпе-жектен соң титулға қол сермеп көруі мүмкін, - дейді маман Sports True YouTube-арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Дамир Исмағұлов Лас-Вегастағы UFC Fight Night 188 турнирінде бразилиялық Рафаэль Альвестен төрешілердің шешімі бойынша басым түскен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или