«Мұнда алғашқы кәсіпқой жарыстарымды өткіздім». Дамир Исмағұлов қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғыс айтты

«Мұнда алғашқы кәсіпқой жарыстарымды өткіздім». Дамир Исмағұлов қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғыс айтты

Бүгін БҚО әкімі Ғали Есқалиев ММА әлеміндегі ең ірі промоушен - UFC аясында өнер көрсететін файтер Дамир Исмағұловпен кездесті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Жақында қазақстандық тарап спортшыға АҚШ-қа виза алуға көмектескен, соның арқасында Ресейде тұратын этникалық қазақ биыл 23 мамырда Лас-Вегаста өткен UFC FN 188 турниріне барып, жеңіске жеткен еді. Бұл спортшының кәсіпқой мансабындағы жиырмасыншы жеңісі болды.

Дамир Исмағұлов Қазақстанда, оның ішінде БҚО-да өте танымал. Спортшы октагонға әрқашан екі жалаумен шығады және Қазақстанды өзінің туған елі деп санайды.

- Ең алдымен, сізге АҚШ визасын алуға көмектескеніңіз үшін алғыс айтамын. Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігіне де рақмет, - деді Дамир Исмағұлов облыс әкімімен әңгімесінде.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202106/209086_4f60efde1bf2fc1901d10c6f398089ac.webp" /></picture>

Спортшы UFC-дегі төртінші жеңісіне қол жеткізді. АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 27 турнирінде жеңіл салмақта өнер көрсететін 30 жастағы файтер промоушеннің бразилиялық дебютанты Рафаэль Альвесті жеңіп, бұрын Қазақстан жалауын мазақ қылғаны үшін есе қайтарған еді.

- Мен UFC басшылығынан осы жекпе-жекті міндетті түрде ұйымдастыруды сұрадым, олар мені естіді. Жеңілістен кейін бразилиялық файтер өзінің қателігін мойындап, «I love Kazakhstan» деді. Орал - менің туған қалам. Мұнда мен алғашқы кәсіпқой жарыстарымды өткіздім, - деді спортшы.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202106/209086_920ce4ec0a9104503b7f72f98b5a2677.webp" /></picture>

- Бүгін - Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні. Сіз Ресейдің де, Қазақстанның да байрағы астында өнер көрсетіп жүргеніңіз қуантады. Осылайша, сіз Қазақстанды халықаралық спорт аренасында дәріптейсіз, біздің мемлекеттік рәмізімізді бүкіл әлемге танымал ете түсесіз, - деді Ғали Есқалиев.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202106/209086_f051270f293762a625e03a6827457af4.webp" /></picture>

Облыс әкімі спортшыны жеңісімен құттықтап, спорттық карьерасында табыс тіледі. Дамир Исмағұлов, өз кезегінде, облыс әкіміне жеке қолтаңбасы қойылған UFC жейдесін сыйға тартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или