Маусымдағы ММА. Қазақ файтері UFC-де бақ сынайды, Алматыда екі турнир өтеді

Маусымдағы ММА. Қазақ файтері UFC-де бақ сынайды, Алматыда екі турнир өтеді

Жаздың алғашқы айы қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) жанкүйерлері үшін қызыққа толы болмақ. Әлемнің үздік ұйымындағы (UFC) қадамын сәтті бастаған Шавкат Рахмонов жеңісті жолын жалғастыруға тырысады. Алматыда Eagle Fighting Championship пен OCTOGON промоушендері жарыс ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Осыған орай, Prosports.kz ел спортшылары қатысатын байрақты бәсекелердің күнтізбесін ұсынуды жөн көрді. 

BRAVE CF 51 – 4 маусым

4 маусымда Минск (Беларусь) қаласы бахрейндік BRAVE CF ұйымының 51-турнирін қабылдайды. Турнир барысында қазақстандық файтер Ринат Сағынтай (9-0) промоушендегі тұңғыш жекпе-жегін өткізеді. 25 жастағы Ринат BRAVE CF 51 турнирінің екінші маңызды шайқасында жергілікті спортшы Денис Магермен (7-0) кездеседі. Екі спортшы да бүгінгі дейін жеңілмеген. 

Ринат Сағынтай соңғы рет октогонға 2019 жылдың желтоқсанында шықты. OCTOGON лигасының мүшесі. 

Айта кетсек, Сағынтайдың BRAVE CF ұйымымен келісімшартқа отыруына UNDERDOG Promotions менеджерлік компаниясы айтарлықтай өз септігін тигізді.


OCTAGON 20 – 16 маусым

Отандық OCTAGON лигасы 16 маусымда Алматыдағы кезекті аламан жарысын өткізеді. Басты бәсекеде қазақстандық файтер Дамир Төленов (6-0) қырғызстандық Арген Маликовпен (5-2) төбелеседі. Жанкүйерлер жергілікті спортшылармен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей елінен келген аралас жекпе-жек шеберлерінің өнеріне куә болады. 

Лиганың соңғы турнирі 28 мамырда Алматыда өтті. Махир Мамедов қырғыз Адис Таалайбек Уулын жеңіп, орта салмақтағы чемпиондық белбеуді беліне тақты.

EFC 37 – 18 маусым

18-і күні ресейлік EFC промоутері Қазақстанға оралады. Eagle Fighting Championship «Алматы Аренада» жарыс ұйымдастырады. Қазіргі мәліметтерге сенсек, турнир көрермендер қатысуымен өтеді. Almaty Arena сайтынан толық ақпаратпен танысып, билет сатып алуға болады. 

Ең қызығы, промоушен президенті ресейлік Шамиль Завуров америкалық Зак Зейнмен кездеседі. Ал, UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов алдағы турнирдің арнайы қонағы болады.

Соңғы рет EFC Қазақстанда турнирді 2019 жылдың желтоқсанында ұйымдастырды. GFC 23 турнирінің басты жекпе-жегінде Дәурен Ермеков Артур Гусейновты жеңіп, орта салмақтағы титулды жеңіп алды.

MFC 1 – 19 маусым

Маусымның 19-ында Атырауда жаңадан құрылған қазақстандық MFC промоутерлік компаниясы турнир өткізеді. ММА ардагері Қуат Хамитов (20-7-1) өнер көрсетеді. «Найман» украиналық Роман Головиновпен (10-4) кездеседі.

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі - 27 маусым

Қазақстандық файтер Шаквкат Рахмонов (13-0) UFC-де 27 маусым күні екінші рет бақ сынайды.Қазақстандықтың қарсыласы бразилиялық Мишель Празерес (26-3) болады. 39 жастағы бразилиялық 2013 жылдың мамырында UFC-де дебютті кездесуін өткізді. Сегіз жылда ардагер спортшы он рет ұтып, үш мәрте қарсыласқа есе жіберген. Жекпе-жек АҚШ-тағы Лас-Вегас қаласында өтеді.

Шавкат Рахмонов ұлты туралы: «Басында ашуыма тиетін. Кейін жұртпен таласудың пайдасыз екенін түсіндім»

ACA 123: Кичигин бұрынғы UFC файтерін тізе бүктірді

Еске салайық, Шавкат UFC-дегі дебютін былтыр қазанда өткізіп, Әби-Дабиде бразилиялық Алекс Оливейраны бірінші раундта жеңген еді. 

Айта кетейік, этникалық қазақ Дамир Исмағұлов жақында UFC-дегі төртінші жеңіске қол жеткізді. Ал, Жалғас Жұмағұлов 11-шілдеде үшінші рет UFC алаңына шығады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или