Қазақстандық файтер: Алғашқы жекпе-жегім үшін алған сыйақым айлығыммен пара-пар болды
Қазақстандық файтер Николай Веретенников мансабындағы алғашқы жекпе-жегі жайлы айтып берді.
«Алғашқы жекпе-жегімді Астанада ойын-сауық кешенінде өткіздім. Сауда үйі жаңадан ашылғандықтан адамдарды шақыру үшін турнир ұйымдастырды.
Алғашқы жекпе-жегім үшін 60 мың теңге шамасында сыйақы алдым. Ол кезде бұл жақсы ақша еді. Күзеттегі бір айлығыммен пара-пар» – деді файтер«Подкаст иммигранта» YouTube-арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Николай Веретенников Американың FURY FC лигасының чемпионы атанып, DWCS ұйымымен келісімшартқа отырды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или