Хоккей

2021 жылғы әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының үздік хоккейшілері анықталды

2021 жылғы әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының үздік хоккейшілері анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Ригадағы шайбалы хоккейден әлем чемпионатының ұйымдастыру комитеті Қазақстан құрамасындағы ең үздік ойыншыларды атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар қақпашы Никита Бояркин, қорғаушы Даррен Диц және шабуылшы Никита Михайлис.

Никита Бояркин 2021 жылғы әлем кубогында өз қақпасына бағытталған соққылардың 92,93 пайызын қайтарды.

Даррен Дитц әлем чемпионатының 7 матчында екі нәтижелі пас берді, ал Никита Михайлис 5 ұпай жинады (3 гол және 2 пас).

Естеріңізге сала кетейік, хоккейден 2021 жылғы Әлем кубогында Қазақстан ұлттық құрамасы топтық кезеңнің 7 матчында 10 ұпай жинады.

Қазақстан хоккейшілері плей-офф кезеңіне шыға алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер