Италия – Қазақстан матчының тікелей трансляциясы
Бүгін, 29 мамырда хоккейден Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионаты аясындағы алтыншы кездесуін өткізеді, деп жазады Prosports.kz.
В тобында бақ сынап жатқан Юрий Михайлис шәкірттерінің кезекті қарсыласы - Италия құрамасы.
Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 15:10-да басталады. Матч QazSport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Кеше Канада құрамасынан жеңілгеннен кейін қазақстандық хоккейшілерге қалған екі кездесуде де жеңіске жетуге тура келеді. Сол үшін бүгін Италияны қапы қалдыру керек.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 5 ойын өткізіп, 3 рет жеңіске жетті және 2 мәрте жеңілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или