Командалық

«Барселона» мен «Анадолу Эфес» Евролиганың финалына шықты

«Барселона» мен «Анадолу Эфес» Евролиганың финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан уақытымен 28 мамырдан 29 мамырға қараған түні Кельнде баскетболдан Евролиганың жартылай финалдық кездесулері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші жартылай финалда мәскеулік ЦСКА түрікиялық «Анадолу Эфеске» 86:89 (15:25, 22:24, 18:22, 31:18) есебімен есе жіберді.

Екінші жартылай финалда испаниялық «Барселона» мен италиялық «Олимпия Милано» кездесті. Бұл жұпта «Барса» жеңіске жетті – 84:82 (27:24, 24:18, 16:29, 17:11).

30 мамырда «Барселона» мен «Анадолу Эфес» финалда кездеседі. Оған дейін ЦСКА мен "Олимпия Милано" үшінші орын үшін матч өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер