ACA 123: Кичигин бұрынғы UFC файтерін жеңді

ACA 123: Кичигин бұрынғы UFC файтерін жеңді

Мәскеуде (Ресей) аралас жекпе-жектен ACA 123 турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Кештің негізгі жекпе-жегінде қазақстандық файтер Георгий Кичигин (25-7) бразилиялық спортшы Элиас Сильвериомен (17-7) кездеседі. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек (77,1 келі) барлық үш раундқа созылып, Кичигин төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық файтер мансабындағы 25-жеңісіне қол жеткізді. Бұл оның ресей лига аясындағы екінші жеңісі.

Кичигин былтыр қыркүйек айында ACA лигасына ауысып, ACA 111 турнирінде төрешілер шешімімен тәжікстандық Мамуржон Хамдамовты жеңді. Ал биыл ақпанда өткен ACA 118 турнирінде төрешілер шешімімен ресейлік Гаджимурад Хирамагомедовтан (9-4) жеңілді.

Ал Элиас Сильверио ақпанда жекпе-жек өткізді. ACA 117 турнирінде ол ресейлік файтер Али Баговтан (30-11) жеңілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или