OCTАGON 19. Махир Мамедов орта салмақтағы белбеуге ие болды

OCTАGON 19. Махир Мамедов орта салмақтағы белбеуге ие болды

Алматыда аралас жекпе-жектен OCTАGON лигасы ұйымдастырған турнир аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басты жекпе-жек қазақстандық Махир Мамедов (14-1) пен қырғыз елінен келген Адис Таалайбек Уулумен (6-1-2) орта салмақтағы белбеу үшін төбелесті. 

Бір-біріне лайықты қарсыластардың шайқасы тартысты өтті. Алғашқы екі раундта Махир ширақ өнер көрсетті. Үшінші бесминуттықта қазақстандық қарқынды үдете түсті. Аяғы ақсаңдай бастаған қырғыз спортшысы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Махир Мамедов орта салмақтағы белбеуді еншіледі. Мансабындағы 15-жеңісін тіркеді.

Турнирдің ресми серіктестері - TURAN және 1XBET букмекерлік компаниясы.

EFC 37 турнирі 18 маусымда Алматыда өтеді

Дамир Исмағұлов: «Сүрінген сәтте бірге болған жандар, биік шыңдарды бірге бағындырамыз»

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или