OCTАGON 19. Алматыда аралас жекпе-жектен ірі турнир өтеді

OCTАGON 19. Алматыда аралас жекпе-жектен ірі турнир өтеді

Қарыштап дамып келе жатқан қазақстандық OCTАGON лигасы 28 мамыр күні Алматыда турнир ұйымдастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның кіл мықтылары қатысады. Басты жекпе-жекте 15 рет октогонға шығып, оның 14-ін жеңіспен аяқтаған жерлесіміз Махир Мамедов қырғызстандық Адис Таалайбек Уулумен орта салмақтағы белбеу үшін таласады. Кезінде Арман Оспанов, Қайрат Ахметов және Қуат Хамитовпен бір қатарда Alash Pride командасының алғашқы құрамында өнер көрсетіп, шеберлігі шыңдалған 28 жастағы Махирдың соңғы сұқбатын мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.

Кештің екінші маңызды кездесуінде Сәтбек Есенгелдин өзбек файтері Рамазонбек Темировқа қарсы октогонға шығады. 

Сондай ақ, ұзақ үзілістен кейін үлкен спортқа оралған тәжірбиелі Мират Бекішев Тәжікстанның үздіктерінің бірі Фарход Давлятовпен шеберлік сынасады. Жекпе-жек алдында Мират сайтымызға үлкен сұқбат берген еді.

Турнирдің ресми серіктестері - TURAN және 1XBET букмекерлік компаниясы.

Турнирдің тікелей трансляциясы OCTAGON TV Youtube каналында  қол жетімді. 

OCTAGON 19 турнирінің карды. 28 мамыр, Алматы:

77.1 келі: Мухриддин Алимов (1-0, Өзбекстан) – Амантұр Женишбеков (3-0, Қырғызстан)

70.3 келі: Муслимбек Комилов (1-0, Өзбекстан) – Нұрбек Тәжібаев (2-0, Қазақстан)

56.7 келі: Кумушай Болотбекова (1-0, Қырғызстан) – Анастасия Дюжикова (2-0, Қазақстан)

56.7 келі: Шахзод Джуракулов (3-5, Өзбекстан) – Гани Әділсерік (2-0, Қазақстан)

65.8 келі: Фарход Давлятов (3-0, Тәжікстан) – Мират Бекішев (1-1, Қазақстан)

56.7 келі: Фирдавс Хасанов (6-1, Өзбекстан) – Нұрбек Болотбеков (5-1, Қырғызстан)

70.3 келі: Арман Әлімов (3-3, Қазақстан) – Эмрах Шавкатов (3-0, Қазақстан)

Басты кард: 

56.7 келі: Султан Орозмамат Уулу (2-2, Қырғызстан) – Ерасыл Шүкатаев (5-2, Қазақстан)

56.7 келі: Шерхан Әділов (1-2, Қазақстан) – Ақтөре Батырбек (2-0, Қазақстан)

59 келі: Холмурод Нурматов (4-5-1, Өзбекстан) – Әлішер Ғабдуллин (5-3, Қазақстан)

61.2 келі: Рамазонбек Темиров (5-2, Өзбекстан) – Сәтбек Есенгелдин (5-1, Қазақстан)

83.9 келі: Адис Таалайбек Уулу (6-1-2, Қырғызстан) – Махир Мамедов (14-1, Қазақстан)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или