АҚШ - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы
Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионаты аясындағы үшінші кездесуін өткізеді, деп жазады Prosports.kz.
В тобында бақ сынап жатқан Юрий Михайлис шәкірттерінің кезекті қарсыласы - АҚШ құрамасы.
Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 19:10-да басталады. Матч QazSport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы ойында турнир қожайыны Латвияны, екінші кездесуде Финляндияны жеңді.
Әлем чемпионатына 16 команда қатысады. Олар: Қазақстан, Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания, Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Латвия, Норвегия, Италия. Топта бірінші-төртінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или