Артем Резников қыркүйек айында АСА лигасының белбеуіне таласады
Қазақстандық файтер Артем Резников (22-6) ACA лигасының чемпиондық атағы үшін күреседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы ACA вице-президенті Асланбек Бадаев мәлімдеді. Бадаевтың айтуынша, 29 жастағы Резников осы жылдың қыркүйек айында өтетін ACA турнирлерінің біріне қатысуы керек. Қарсыласы - жеңіл салмақта (70,3 келі) лиганың қазіргі чемпионы ресейлік Абдулазиз Абдулвахабов (18-2) болады.
Артем Резников соңғы рет октогонда ACA 111 турнирінде өнер көрсетіп, ACB чемпионы Юсуф Раисовты жеңіп, жеңіл салмақта ACA титулына басты үміткер болды.
Абдулазиз осы жылдың ақпан айында ACA 118 турнирінде Артём Дамковскийден басым түсті.
Еске салайық, Резниковтан басқа тағы бір қазақстандық аралас жекпе-жек шебері ACA титулына қол жеткізуге тырысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или