Евгений Егембердиев ACA чемпиондық атағы үшін жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық файтер Евгений Егембердиев (12-3) ресейлік ACA лигасының чемпиондық атағы үшін таласады, деп хабарлайды Prosports.kz.
36 жастағы спортшы шілде немесе тамыз айында өтетін ACA 126 турнирінде өнер көрсетеді. Басты жекпе-жекте Егембердиев Муслим Магомедовпен кездеседі (9-0). Файтерлер ауыр салмақта ACA (93 кг) чемпиондық белбеуі үшін төбелеседі.
Евгений Егембердиев соңғы рет сегізбұрышқа өткен жылдың желтоқсанында шықты. ACA 115-те ол бұрын UFC-де бақ сынаған Люк Барнатты нокаутқа жіберді.
26 жастағы Магомедов осы жылдың наурыз айында бразилиялық Леонардо Силва да Оливейраны төрешілер шешімімен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или