Махир Мамедов OCTAGON 19 турнирі алдында сұхбат берді

Махир Мамедов OCTAGON 19 турнирі алдында сұхбат берді

Қазақстандық ММА ардагерлерінің бірі Махир Мамедов 28 мамырда Алматыда өтетін OCTAGON 19 турниріне қатысады. 28 жастағы файтер Лиганың баспасөз қызметіне сұхбат беріп, мансабындағы ұзақ үзіліс, әйгілі менеджер Али Абдель-Азизбен бірге жұмыс істеу, сондай-ақ Лас-Вегаста Фрэнсис Нганнумен жаттығу жасағаны туралы айтты.

Мамедов Арман Оспанов, Қайрат Ахметов және Қуат Хамитовпен бір қатарда Alash Pride командасының алғашқы құрамында өнер көрсеткен спортшы. Алғашқы жекпе-жегін 2010 жылы өткізген ол келесі сегіз жылда қазақстандық және ресейлік промоушендарда бақ сынады, әрі 14-1 рекордын тіркеді. Көптеген жанкүйер Мамедов Батыс лигаларына барады деп болжаған, бірақ 2018 жылдан кейін файтер ұзақ үзіліске кетті. Ол енді 28 мамырда Алматыда өтетін OCTAGON 19 турнирінде октагонға оралады. Қарсыласы қырғызстандық Адис Таалайбекұлы (6-1-2). Бұл кездесуде орта салмақтағы (83,9 келі) OCTAGON лигасының титулы сарапқа салынады.

Арман Оспанов, Куат Хамитов, Кайрат Ахметов и Махир Мамедов

«Бала кезімде көптеген спорт түрлері - таэквондо, кикбоксинг, қоян-қолтық ұрыс, тай боксы және дзюдомен шұғылдандым. Кейін осының бәрі аралас жекпе-жекке айналды.

- Неге ММА спортын таңдадыңыз?

- Бала жастан төбелес спортының жанкүйері болдым. UFC жекпе-жектерін, әсіресе Ройс Грейсидің өнерін көруді ұнататынмын. Алматыдағы жергілікті турнирлердің бірінде күтпеген жерден өнер көрсеттім. Файтерлердің біреуі өзін нашар сезінгендіктен, маған оның орнына шығуды ұсынды, мен қарсы болмадым. Өзімді сынап көргім келді. Тор да, шаршы алаң да болмады, төбелес алаңының шекарасы еденге сызылған. Қарсыласымды нокаутқа түсірдім. Бұл 17-18 жастағы кезім болатын.

- Сіз MMA-дағы дебютіңізді 2010 жылы өткіздіңіз. Содан бері спорт өзгерді ме?

- Өте көп өзгерді. Сол кезде бұл ережесіз ережесіз жекпе-жек деп саналды. Қазір шоу басым. Файтерлер октагонда өнер көрсеткеннен гөрі көп сөйлескенді ұнатады. Көп сөйлейтіндер көп ақша табатын болды.

- Поп-ММА-ға қалай қарайсыз?

- Менің ойымша, бұрынғы файтерлер бұған қарсы. Маған спортшылардың бір-бірін қорлауы ұнамайды. Одан да сегізбұрышта мықтылығыңды дәлелдеген дұрыс.

- 2013 жылы сіз қазір ТМД-ға белгілі Мариф Пираевпен жұдырықтасуыңыз керек еді. Бірақ жекпе-жек өткен жоқ. Қазір онымен жұдырықтасар ма едіңіз?

- Иә, әрине. Егер мұндай мүмкіндік берілсе, кез келген уақытта шығамын. Аталған жекпе-жектің не үшін өтпей қалғаны есімде жоқ.

Хабиб Нурмагомедов, Кейн Веласкес и Махир Мамедов

- Менеджер Али Абдель-Азиздің жоспары бойынша биыл UFC-мен келісімшарт жасала ма?

- Иә, солай деп үміттенеміз. Шынымды айтсам, мен сол мақсат үшін ғана спортқа қайта оралдым. Әзірге орта салмақта (83,9 ккелі) OCTAGON титулын жеңіп алуды жоспарлап отырмын. Али өзімен келісімшарт жасасқан адамға әрқашан қамқорлық жасайды. Оның тарапынан ешқандай тәкаппарлық көрмедім. Әр апта сайын хабарласып, хал-жағдайымызды сұрайды, жұмысымызға қызығушылық танытады.

- Xtreme Couture залында қазіргі UFC чемпионы Фрэнсис Нганну жаттығады. Онымен жаттығудың мүмкіндігі болды ма?

- Иә, бір күні Нганнумен жеңіл спарринг өткіздік. Али мұны көріп маған егер есің ауысқан болмаса, Нганнумен жұмыс жасамау керек екенін айтты (күліп). Ешкім онымен спарринг өткізгісі келмейді, өйткені Нганну спаррингта өте қатал жұдырықтасады.

Али Абдель-Азиз (Слева)

- Xtreme Couture залында 2019 жылы жаттығу өткіздіңіз. Осы спортзалмен келісімшартыңыз бар ма?

- Али жаттығу залына ақша төледі. Неліктен америкалық промоушенмен келісімшарт туралы сенімді айтып отырмын? Промоушендардың бірімен келісімшарт жасасуға мүмкіндіктер болды. Бірақ Али алдымен ОКТАГОН-да өнер көрсетіп, содан кейін АҚШ-қа бару дұрыс деп есептеді.

- Октагонға соңғы рет 2018 жылы шықтыңыз, содан бері үш жылдан асты. Мансабыңыздағы осы ұзақ үзіліске не себеп болды?

- Жұмыс істеген кезде мансабымды екінші қатарға ысырып қойдым. Лас-Вегаста жүргенде өнер көрсетуге әлі де уақытым бар екенін түсіндім. Ал қазір мансабыма барынша ден қойып, белсенді болуға тырысамын.

- Arlan MMA Pro Team спорт залында жаттығып жүрсіз. Командамен келісімшарт жасастыңыз ба?

- Жоқ, менде клуб жоқ. Мен Евгений Егембердиевпен және Қайрат Ахметовпен жұмыс істеймін. Егембердиевтің көмегімен спортшы ретінде өсе аласыз. Егер жаттығу қиын болса, жекпе-жек жеңіл болады. Ал Қайрат маған інім секілді жақын.

- Осы уақыт деңгейіңізді жоғалтып алмадыңыз ба?

- Қазір көп нәрсе айтуға болады, бірақ мен бәрін 28 мамырда көрсетемін. Сегізбұрышқа шыққанда қарсыласымды таңғалдырамын.

Турнирдің ресми серіктестері - TURAN және 1XBET букмекерлік компаниясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или