OCTAGON 19 турнирінің проморолигі жарияланды
Қазақстандық OCTAGON лигасының баспасөз қызметі OCTAGON 19 турнирінің алдында титулды жекпе-жектің проморолигін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
28 мамырда Алматыда өтетін кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Махир Мамедов (14-1) Адис Таалайбекұлымен (6-1-2) кездеседі. Бұл кездесуде орта салмақтағы (83,9 келі) OCTAGON лигасының титулы сарапқа салынады.
Кештің негізгі кездесуінде қазақстандық Сәтбек Есенгелдин (5-1) өзбекстандық Рамазонбек Темировпен (5-2) жұдырықтасады.
Айта кетейік, OCTAGON 19 турнирі 28 мамырда Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады. Тікелей эфирде OCTAGON TV <span>Youtube-арнасы көрсетеді. </span>
Турнирдің ресми серіктестері - TURAN<span> және 1XBET букмекерлік компаниясы.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или