Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы алғашқы матчын өткізеді

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы алғашқы матчын өткізеді

Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионаты аясындағы алғашқы кездесуін турнир қожайыны Латвияға қарсы өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Әлем чемпионатына 16 команда қатысады. Олар: Қазақстан, Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания, Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Латвия, Норвегия, Италия. Топта бірінші-төртінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы элиталық топқа бес жылдан кейін қайта оралды.

Алғашқы ойында Юрий Михайлис шәкірттері Латвия құрамасына қарсы ойнайды. Матч QasSport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 23:15-те басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или