Агапова октагонға оралуға дайын екенін айтты
UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Мария Агапова (9-2-0) америкалық промоушен туы астындағы екінші жекпе-жегінен кейін қалпына келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы спортшы қыз инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазды.
Мария UFC-де 2020 жылдың жазынан бастап өнер көрсетіп жүр. Әлемдегі жетекші ММА лигасында ол екі жекпе-жек өткізді. Алдымен америкалық Ханна Сайферсті жеңіп, кейін Шэне Добсоннан жеңілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или