«Тобыл» Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды

«Тобыл» Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды

16 мамырда баскетболдан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының үшінші орны үшін матчтар сериясы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қола медальге «Тобыл» мен «Каспий» таласқан. Алғашқы үш ойыннан кейін қостанайлық команда 2:1 алда тұрған.

Ал бүгінгі ойында олар ақтаулық клубты 74:81 есебімен жеңді.

Осылайша, «Тобыл» осы маусымда Ұлттық лиганың қола медалін жеңіп алса, «Каспий» төртінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или