Қазақстандық Ерасыл Шукатаев OCTAGON 19 турниріне қатысады

Қазақстандық Ерасыл Шукатаев OCTAGON 19 турниріне қатысады

Қазақстандық файтер Ерасыл Шукатаев (5-2) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін 26 жастағы спортшы 28 мамырда Алматыда өтетін OCTAGON 19 турниріне қатысады. Оның қарсыласы қырғызстандық Сұлтанбек Орозмамат Уулу (3-1) болады.

Турнирдің басты жекпе-жегінде<span> </span>қазақстандық Махир Мамедов (14-1) Адис Таалайбек Уулумен (4-1-2) кім мықтыны анықтайды. Спортшылар орта салмақтағы OCTAGON чемпионы титулын сарапқа салады. 

Турнирдің ресми серіктестері - TURAN<span> суы мен 1XBET букмекер компаниясы.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или