Чарльз Оливейра Конор Макгрегорды оңдырмай жеңетінін айтты

Чарльз Оливейра Конор Макгрегорды оңдырмай жеңетінін айтты

Ирландиялық файтер Конор Макгрегор бразилиялық Чарльз Оливейраны UFС чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

16 мамырға қараған түні Хьюстонда Чарльз Оливейра америкалық  Майкл Чендлерді екінші раундта жеңген болатын.

Твиттер желісіндегі парақшасынжа Макгрегор былай деп жазды:

«Оливейраны жеңіл салмақта UFC тарихындағы 11-ші чемпион атануымен құттықтаймын. Қызық, 12-ші кім болар екен...» — деп жазды Макгрегор.

Оливейра мұны жауапсыз қалдырмады:

«Конор, Дастин туралы көбірек ойла, кейін сөйлесеміз. Мықты болсаң, бірінші Дастинді жең, кейін Бразилияға кел, сені оңдырмаймын! Ол көп сөйлейтін жігіттердің бірі», — деді Оливейра.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или