ММА

Тони Фергюсон Бенеил Дариуштен жеңіліп қалды

Тони Фергюсон Бенеил Дариуштен жеңіліп қалды
news-banner7
mobile-news-top

Невада штатының Лас-Вегас қаласында UFC 262 турнирінің екінші маңызды жекпе-жегі өтті, онда промоушеннің бұрынғы уақытша чемпионы Тони Фергюсон өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

37 жастағы Фергюсонның қарсыласы Бенеил Дариуш болды. Дариуш «Эль Кукуймен» жекпе-жек алдында қатарынан алты жеңіске қол жеткізген. Жеңіл салмақтағы төбелес (70,3 келі) үш раундқа да созылып, төрешілер шешімімен 32 жастағы Дариуштың пайдасына шешілді. Осылайша, америкалық спортшы мансабында 21-рет жеңіске жетті.

Тони Фергюсон үшін бұл қатарынан үшінші жеңілісі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер