Рахмонов UFC-дегі келесі қарсыласына баға берді
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (13-0) келесі қарсыласы бразилиялық Мишель Празерес (26-3) туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.
Ол бұл туралы Sports True Youtube-арнасына берген сұхбатында айтты.
- Жасы, рекорды және барлық жетістігін ескере отырып, Празерес туралы ойыңызды айтсаңыз. Ол сіз үшін қауіпті қарсылас па?
- Иә, әрине. Оның бойы кішкентай - теория жүзінде өте ыңғайсыз қарсылас. Ол жақсы файтер, бірақ жасы сәл ұлғайғаны рас. Мен UFC-де алғашқы жекпе-жегімді ғана өткіздім. Ал ол лигада ұзақ уақыт өнер көрсетіп жүр, жеті-сегіз жыл болды. 26 жекпе-жек өткізіп, 3 рет жеңілген. Жақсы көрсеткіш. Әрі ешқашан мерзімінен бұрын ұтылмаған. Майрбек Тайсумов, Гилберт Бернс сияқты файтерлерді жеңді. Соңғы жекпе-жекте жеңілді, бірақ тек мықтыларға есе жіберді.
Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін 26 маусымда өткізеді
UFC алты спортшыны қатарынан шығарды
OCTAGON 18: Дамир Төленов мансабындағы бесінші жеңісіне қол жеткізді