OCTAGON 19 турнирі Алматыда өтеді

OCTAGON 19 турнирі Алматыда өтеді

Қазақстандық OCTAGON лигасы 28 мамырда Алматыда 19-шы турнирін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Махир Мамедов пен қырғыз файтері Адис Таалайбек Уулу жұдырықтасады. Бәске лиганың орта салмақтағы белбеуі тігіледі. 

Екінші жекпе-жекте қырғыз спортшысы Нурбек Болотбек пен өзбек өкілі Фирдавс Хасанов кездеседі.

Айта кетейік, бұл OCTAGON лигасының саны жағынан 19-шы турнирі болмақ. Соңғы кеші сәуір айында өткен еді.

Турнирдің ресми серіктестері - TURAN және 1XBET букмекерлік компаниясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или