Қуат Хамитовтың қарсыласы өзгерді
Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов (20-7-1) Instagram желісіндегі парақшасында келесі жекпе-жегіндегі қарсыласының өзгергенін хабарлады.
Қуат Хамитовтің келесі қарсыласы украиналық Антон Радько (12-6) болуы қажет еді. Алайда ол жекпе-жектен бас тартты. Оның орнына октагонға ресейлік Роман Головинов (10-4-0) шығады. Кездесу 19 маусымда Атырауда өтеді.
Еске салайық, Қуат Хамитов кейінгі жекпе-жегін қаңтарда Магнитогорскіде өткізіп, ресейлік Максим Пантелеевті бірінші раундта нокатуқа түсірген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или