Баскетболдан Қазақстан чемпионаты финалының тікелей трансляциясы
6 мамырда Ақтауда баскетболдан қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты финалының үшінші кездесуі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда түркістандық «Тұран» мен ақтаулық «Каспий» бақ сынап жатыр.
Алғашқы екі кездесуде «Каспий» баскетболшылары жеңіске жетті - 69:66 және 71:65. Бүгін тағы жеңіске жеткен жағдайда ақтаулықтар чемпиондық атаққа қол жеткізеді.
«Тұран» мен «Каспий» арасындағы үшінші матч Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:45-те басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или