Ильяс Хамзин – Джуниор Маркус жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Ильяс Хамзин – Джуниор Маркус жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Омбылық қазақ Ильяс Хамзин 3 мамырда бразилиялық Джуниор Маркуспен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хамзинн (6-2) Екатеринбургтегі «Уралец» спорт кешенінің бес мыңдық аренасында өтетін RCC 9 (Russian Cagefighting Championship) турниріне қатысады. «Архангел Михаил» клубының мүшесі Ільяс соңғы мәрте октогонға ақпанда шығып, Борис Медведевтен ұтылып қалған еді. Хамзиннің айтуынша, ол осы жекпе-жекке дайындықтың бір бөлігін Қазақстанда өткізген, ал Екатеринбургтегі оқу-жаттығу жиынында UFC-дің чемпионы Петр Янның қол астында жаттыққан.

Оның қарсыласына келетін болсақ, сарапшылар Джуниор Маркусты (10-1) әлемнің жетекші лигаларында өзінің атын шығара алатын талантты файтерлер қатарына қосып отыр. Бразилиялық сегіз рет нокаутпен жеңіске жеткен.

Хамзин - Маркус жекпе-жегі жартылай орта салмақта өтеді және үш раундқа жоспарланған. Басты жекпе-жекте орта салмақтағы ресейлік файтер Вячеслав Василевский (34-8) мен бразилиялық Вискарди Андраде (22-8) кездеседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или