ММА

UFC Vegas 25: Басты жекпе-жекте Прохазка Рейесті нокаутпен жеңді

UFC Vegas 25: Басты жекпе-жекте Прохазка Рейесті нокаутпен жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC Vegas 25 турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақта рейтингте үшінші және бесінші орында тұрған америкалық Доминик Рейес пен чехиялық Иржи Прохазка кездесті.

Кездесу екінші раундтың соңында аяқталды. Прохазка америкалық қарсыласын нокаутқа жіберді.

Осылайша, Прохазка кәсіпқой мансабындағы 28-жеңісіне қол жеткізді. Бұдан бөлек ол 3 рет жеңіліп, 1 рет тең түскен. Сонымен бірге чех UFC туы астындағы екі жекпе-жегінде де жеңіске жетті. Ал Рейес үшінші жеңілісіне ұшырады. Ол бұған дейін 12 мәрте жеңіске жеткен. Ол UFC-де 6 рет жеңіске жетіп, 3 мәрте жеңіліске ұшырады.

Фото mmajunkie.usatoday.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер